Әлемнің үздік жанкүйерін іздейді

Түрік әуе жолдары спорт сүйер қауымға арналған байқау жариялады.

258058
Әлемнің үздік жанкүйерін іздейді

Әлемнің үздік жанкүйерін іздейді


Түрік әуе жолдары спорт сүйер қауымға арналған байқау жариялады.


Түрік азаматтық авиа компаниясы барлық спорт сүйер қауымды 28 наурыз бен 20 сәуір күндері аралығында 7 елде болатын 10 спорттық шараны тамашалауға шақырады.


Түрік әуе жолдарының хабарламасына қарағанда, әлеуметтік желіде үздік жанкүйер екенін дәлелдеген кісі дүние жүзінің үздік футболшылары Месси және Дрогбамен танысады.


Жанкүйерлер алдымен www.epicsportsfan.com адресіндегі бланкты толтыруы керек. Артынан үздік спорт жанкүйері екенін айғақтайтын бір бейнетаспа немесе суретті Instagram, Vine немесе Twitter арқылы #EpicFan этикетімен жариялауы керек.


Үміткерлер жаңалыққа ашық, спорт туралы жетік білетін, адамдармен тіл табыса алатын, әлеуметтік желіні меңгерген, жауапкершілігі мол, жылдам қимылдайтын, топтық істерге икемді, ағылшын тілін білетін, аталған уақытта сапар шегуге дайын болуы керек.


Қазылар алқасы дүние жүзі ауқымында қатысушылар арасынан бір кісін таңдайды. Осы кісі 24 күнде Жапония, Голландия, Германия, Испания, Франция, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін баскетбол, футбол, теннис және гольф матчтарын тамашалайды. Артынан Месси және Дрогбамен танысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар