Түркия үні радиосына «Алтын қалам экономика» сыйлығы

Түрік тіліндегі бағдарламалар басшысы Ширин Сүмер сыйлыққа лайық деп табылды.

239320
Түркия үні радиосына «Алтын қалам экономика» сыйлығы

ТРТ Түркия үні радиосына «Алтын қалам экономика» сыйлығы берілді. 


Түркия үні радиосының түрік тіліндегі бағдарламалар басшысы Ширин Сүмер «Экономикалық анализ» атты бағдарламасымен Алтын қалам экономика сыйлығына лайықты деп табылды.
Экономика тілшілері ұйымы 2014 жылдың Алтын қалам сыйлықтарын Анкарада иелеріне табыс етті. Салтанатты кешке Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Лүтфи Элван да қатысты.


«Алтын қалам» сыйлықтары газет, журнал, теледидар, радио, интернет сынды медиа органдарында жарияланатын экономика саласын арқау қылған жаңалықтар мен бағдарламаларды қамтиды. Тайлан Эртен, Али Керем Эскигүн, Али Берат Мерич, Эрджан Байсал және Хүсейін Тунджайдан тұратын қазылар алқасының бағасына орай лауреат атанған тұлғалар мыналар:


- Бану Шен
- Садеттин Инан
- Саадет Эрджиас
- Эрдал Челикел
- Шұкрү Кызылот
- Ширин Сүмер
- Өзлем Далга және Мұстафа Эрген

Сонымен бірге 1942 жылдан бері үздіксіз 73 жылдан бері Измирде шығып келе жатқан «Сауда» газетіне Өзден Алпдаг Арнайы сыйлығы табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар