Сириялық пианист - түрік азаматы

Президент жасөспірімді азаматтыққа алу жарлығына қол қойды.

141459
Сириялық пианист - түрік азаматы

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия текті 16 жасар пианист Асад Тамбиге түрік азаматтығын беретін жарлыққа қол қойды.


Осылай деп президенттік баспасөз қызметі хабарлады. Хабарға қарағанда, Ердоған Сириядағы дағдарыстан қашып, Түркияны паналаған жас пианисті түрік азаматтығына қабылдады.


Президент Ердоған кейбір мамандар тарапынан «пианино данасы» деп аталған Асад Тамби атты жасөспірімге өзі телефон шалып, құттықтады.


Асад Тамби 10-14 желтоқсан күндері арасында Ресейде өтетін халықаралық музыка байқауына Түркия атынан қатысуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар