Түрік Қызылайы Бағдатта

Түркияның Ирактағы түрікмендерге жәрдемдері жалғасып жатыр.

173950
Түрік Қызылайы Бағдатта

Түрік Қызылайы енді Ирактың астанасы Бағдат қаласында өмірі үшін күресіп жатқан түрікмендерге жәрдем етуде.


Түркияның Бағдаттағы елшісі Фарук Каймакчы Түрік Қызылайының азық-түлік жәрдемдерді Бағдатта Нехреван лагеріндегі Телаферлік түрікмен босқындарға таратты.
Гуманитарлық жәрдем жұмыстары Бағдат уәлаяты мен Түрік Қызылайының ынтымақтастығымен іске асты.
Түркияның Бағдаттағы елшісі Фарук Каймакчы баспаналарынан айырылған түрікмен бауырластарымыздың жараларын жазу үшін осы жерге келгендерін білдіріп, Түркияның қолынан келген жәрдемді жасағанын айтты.
Ирактың мықты түрікмен саясатшыларының бірі Ел Ахрар Одағының мүшесі Феузи Екрем Терзи де жәрдем жұмыстарына қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар