«Шығыс експресі» Текирдағдан жолға шықты

Пойыз 4 күндік сапардан кейін Венецияға жетеді.

116045
«Шығыс експресі» Текирдағдан жолға шықты

Текирдағдан Венецияға сапар басталды.
«Шығыс експресі» аталған пойыз 15 вагондағы 100 жолаушымен 4 күндік сапарға шықты.
Тарихи «Шығыс експресі» аталған пойыз 15 вагонда 43 қызметкер және 100 жолаушымен 4 күндік сапар үшін Текирдағдың Черкезкөй ауданынан жолға шықты.
Пойыздың директоры Силвия Серрони Тарихи Шығыс експресс пойызының Черкезкөйден аттанып, 4 күндік сапардан кейін Венецияға жететінін айтты.
Пойыз бүгін Бухарестке барады. Жолаушылар осы жерде қонады, артынан Будапештке аттанады.
Бухапешттен кейін Венада қысқа уақыт тоқтайтын жолаушылар 4 күннен кейін азандағы сағат 10-да Венецияға жетеді.
Тарихи «Шығыс експресі» аталған пойыз 1883 жылы сапарға бастағаны, алғашқы саяхатында Стразбург пойыз стансасынан жолға шыққаны, сапар соңында Румынияға барғаны білдірілуде.
Тарихи «Шығыс експресі» пойызы 1998 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында Стамбұлға келеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар