Измир көрмесінде - Түрікменстан

Түрікменстан ата мекеннен келген ғасырлық мәдени құндылықтарын Измир көрмесінде таныстырды.

109882
Измир көрмесінде - Түрікменстан

83-ші мәрте ашылған Измир Халықаралық көрмесі тамырлы түрік тарихын таныстырады.


Көрмеге бірінші рет қатысып отырған бауырлас ел Түрікменстан назарға ілікті.


Түрікменстан ата мекеннен келген ғасырлық мәдени құндылықтарын Измир көрмесінде таныстырды.


Түрік-түрікмен Бизнес кеңесінің төрағасы Сефа Гөмдениз «Негізгі мақсатымыз – екі мемлекет пен екі халық арасындағы қатынастардың дамытылуы» деді.


Түрікмен мәдениетінің символдарының бірі кілем де осы көрмеде назар аударды.


Биылғы көрмеге 67 елден 1132 компания қатысып отыр.


Халықаралық көрме 7 қыркүйек жексенбі күні жабылады.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар