Фенербахче мен Галатасарайдың Супер Кубок кездесуі бүгін болады

Матч кешкісін сағат 20:30-да Манисада ойналады

102304
Фенербахче мен Галатасарайдың Супер Кубок кездесуі бүгін болады

Фенербахче мен Галатасарай командалары бүгін кешкісін Супер Кубок финалында қарсыласатын болады.
Манисада ойналатын матчтың барлық кірісі Сома кеніш апатында қаза тапқан кеншілердің жанұяларына беріледі.
Манисада бүгін кешкісін Түркияның екі атақты футбол командасы кездеседі.
Өткен сезонның Супер Лига чемпионы Фенербахче мен Түркия кубогы иегері Галатасарай Супер Кубок матчында күш сынасады.
Галатасарай 2012-жылы Эрзурумда 3-2 есебімен, өткен жылы болса Кайсериде 1-0 есебімен жеңіске жетіп кубокты өз мұражайларына әкеткен болатын.
105 жылдық бақталастардың 378-ші матчы қарсаңында Фенербахченің 143, Галатасарайдың 121 жеңісі бар.
Супер Лигада бұл сезон 4-ші рет кездесетін екі команда бұл жолы Манисаның 19-мамыр стадионында күш сынасатын болады.
Фенербахченің жаттықтырушы Исмаил Картал, ал Галатасарайдың жаттықтырушысы Пранделли.
Бұрын Фенербахчеде ойнаған Олжан Адын бұл жолы Галатасарай командасы құрамында бұрынғы командасына қарсы ойнайтын болады.
Фенербахченің жаңа футболшысы Диего Рибас та шетелдіктерге шектеу келуіне байланысты әлі рұхсаты берілмегендіктен матчта ойнай алмайды.
Матчтың кірісі Сома кеншілері жанұяларына аударылатын болғандықтан бірінші рет журналистер де ақы төлеп кіретін болады.
Бүгін кешкісін сағат 20:30-да басталатын матчта Мұстафа Камил төрешілік қылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар