Кайсериде шетелдік тәлімгерлер үшін курстар ұйымдастырылды

75 елден келген 1800 тәлімгер бұл курстарда оқып жатыр

80093
Кайсериде шетелдік тәлімгерлер үшін курстар ұйымдастырылды

Оқу орындары каникулға шықты, бірақ кейбір тәлімгерлер елдеріне қайтқан жоқ. Олар демалысқа шығу орнына Кайсериде қалуды қалады.
4 жылдан бері жұмыс істеп жатқан Кайсери халықаралық тәлімгерлер қауымдастығы 75 елден келген 1800 лицей және университет тәлімгерлеріне түрлі бағытта білім беруде.
Кайсери халықаралық тәлімгерлер қауымдастығы төрағасы Мүжахит Булут каникулда елдеріне қайтпаған жастарға Құран, араб тілі мен хадис, матетатика, биология сияқты дәрістер беріліп жатқанын айтты.
Қауымдастық осындай курстар арқылы жастарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүр.
28 тамызға дейін созылатын курста оқып жатқан тәлімгерлер қауымдастықтың оқу-ағарту жұмыстарына дән риза екендерін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар