Ыстанбұлда жапондардың «икебана» өнері танытылды

Әсем икебаналар жұртшылықтың назарын аударды

116364
Ыстанбұлда жапондардың «икебана» өнері танытылды

Жапондардың гүл шоғырын жасау өнері болып табылатын икебана шеберлерінің бірі Шого Кариязаки Ыстанбұлда өз өнерін көрсетті.
Жапонияның танымал шеберлерінің бірі Шого Кариязаки жасаған түрлі-түсті икебаналар көздің жауын алды.
Шебер жапон және түрік көрермендер алдында гүлдерден бірінен бірі әсем икебаналар жасады.
Түрлі түсті розалар мен хризантемалар және басқа гүлдерден жасаған икебаналар өте әдемі еді
Жапон шебердің әрбірі басқа мағына беретін әсем гүл шоғырлары көпшіліктің қызығушылығын ояндырды.
Түркияда тұратын жапондар туған жерлерінен алыста өз ұлтының өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды
Түріктер де икебана өнері туралы көп мағлұмат алды.
Кариязаки бұдан кейін Парижде өнер көрсететін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар