Әзірбайжанда фольклор фестивалі

Іс-шараға Түркия атынан Мемлекеттік халық билері ансамблі қатысты.

222313
Әзірбайжанда фольклор фестивалі

Әзірбайжанның Масаллы ауданында болып өткен үшінші Халықаралық фольклор фестивалі әртүрлі елден өнерпаздарға бас қостырды.
Фестиваль дәстүрлі киімдерін киген өнерпаздардың алуан түрлі қойылымдарына сахна болды.
Фестиваль аясында Түркия, Иран, Қазақстан, Украина, Дағыстан, Литва және Ресейден келген өнер топтары және әзірбайжандық шеберлер өз өнерлерін көрсетті.
3 күндік фестивальдің беташарына Әзірбайжан Мәдениет министрлігі өкілдері, өкілетті елшілер мен депутаттар қатысты.
Іс-шараға Түркия атынан Мемлекеттік халық билері ансамблі қатысты.
Әзірбайжанның марқұм президенті Гайдар Алиевтің 91 жылдығына арналған фестиваль концертпен аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар