Әлем кубогында "С" тобының матч қорытындысы

Кубогтың сюрприз матчын Код-д’Ивуар-Жапония ойнады

95427
Әлем кубогында "С" тобының матч қорытындысы

2014 Әлем кубогы C тобы 2-ші матчында Африка құрлығынан қатысқан Код-д’Ивуар Республикасы мен Азияның өкілі Жапония көгалға шықты. Африканың өкілі Бони мен Жервиньоның голдарымен 2-1 жеңді.
Жапония алғашқы жартыны Кейсуке Хонданың 16 минутта қақпаға салған голмен алда аяқтады.
Дидер Дрогбаның 63-ші минутта ойынға кіруімен ес жинаған Код-д’Ивуар командасы Вильфрид Бонидің 64-ші және Жервиньоның 66-шы минуттарда атқан голымен матчты табыспен бастады.
Матчтың артынан баспасөзге баяндама жасаған Код-д’Ивуар командасының жаттықтырушысы Сабри Лямуши Дрогбаның команданың үстіндегі болымды әсеріне назар аударып, жеңісте ең үлкен үлестің онікі екенін айтты.
Әлем кубогында кеше ойналған басқа матчтарда болса Италия Ұлыбританияны 2-1, Коста-Рика Уругвайды 3-1, Колумбия Грекияны 3-0 жеңді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар