Түркия ЮНЕСКО-ның мәдени мұра комитетіне сайланды

Түркия комитетте 2014-2018 жылдар арасында міндет атқарады.

83235
Түркия ЮНЕСКО-ның мәдени мұра комитетіне сайланды

Түркия ЮНЕСКО-ның мәдени мұра комитетіне сайланды.
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра үкіметтер арасы комитетіне сайлану үшін Түркия Италия және Франциямен бақ сынасты. Артынан ең жоғары дауысты алып, комитетте 2014-2018 жылдар арасында міндет атқарады.
Материалдық емес мәдени мұраның қорғалуы үкіметтер арасы комитеті тірі мұра деп те аталатын және ұрпақтан ұрпаққа ауызша жететін аңыздар, дәстүрлер, деректер мен түрлі өнерлерге қоса осыларға байланысты құралдар және мәдени мекендер деп аталған материалдық емес мәдени жәдігерлерді сақтап қалуды мақсат етеді.
Комитет айырықша Түркиядағы 11 туындының материкалдық емес мәдени құндылықтарды қорғау тізіміне енгізу сынды тақырыптарда да шешім беру өкілеттігіне ие.
Түркия бұдан бұрын 2006-2010 жылдар арасында аталмыш комитетте орын алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар