6-шы ТРТ Деректі фильм сыйлықтары табыс етілді

34 туынды арасынан «Веб тәуелділері» және «Дауыл» атты деректі фильмдер сыйлыққа лайықты деп табылды.

66915
6-шы ТРТ Деректі фильм сыйлықтары табыс етілді

6-шы ТРТ Деректі фильм сыйлықтары табыс етілді.
Ақтық сайыста сайысқан 34 туынды арасынан «Веб тәуелділері» және «Дауыл» атты деректі фильмдер сыйлыққа лайықты деп табылды.
Деректі фильмді ұнататындарға қолдау бері және сапалы фильмдерді көрерменмен қауыштыруды мақсат ететін ТРТ Деректі фильм күндерінің соңғы күні марапаттар табыс етілді. Стамбулдағы кешке Стамбул қаласы әкімі Хүсейн Авни Мутлу, ТРТ Бас директоры Ибрахим Шахин және көптеген көрермен қатысты.
ТРТ Бас директоры Ибрахим Шахин рәсімде мақсаттарының деректі фильм секторына қолдау бері екенін еске салды, іс-шараға деген ықыластың жыл сайын артып отырғанын білдірді.
Халықаралық категорияда Үздік фильм сыйлығын Хила Меделия мен Шох Шламның «Веб тәуелділері» атты туындысы алды.
Ұлттық кәсіпқой категорияда ақтық сайысқа қалған деректі фильмдер арасынан біріншілікке лайықты туынды табылмады.
Осы категорияда Мехмет Өзгүр Жанданның «Бозторғай» фильмі екінші сыйлықты иемденді.
Айдын Капанджыктың «Дауыл» фильмі де Ұлттық әуесқой категорияда Үздік фильм атанды.
Биыл құрметті сыйлықты ТРТ-де көптеген жылдар көрініс режиссері ретінде қызмет атқарған Тевфик Шенол алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар