Әлемге танымал түріктер-28

Наим Сүлейманоғлу

89002
Әлемге танымал түріктер-28

Наим Сүлейманоғлу немесе бұрынғы атымен Наим Сүлейманов 23 қаңтар 1967-жылы Болгарияда туылған. 10 жасында штанга спортымен айналыса бастады. Шамамен бес жылдан кейін 1982-жылы Бразилияда өткен Штангадан Әлем жастары чемпионатында 52 кг. салмақта екі алтын медаль алып, чемпион болды.
Сүлейманоғлу 16 жасында рекорд жаңартып тағы да чемпион болды. Осылайша штанга тарихында әлем рекордын жаңартқан ең жас штангист атағын иемденді.

Наим Сүлейманоғлу 1983-1986 жылдары арасында жастар арасында 13, ересектер арасында 50 рет, жалпы саны 62 рет рекорд жаңартты. Сол кезде Әлем және Еуропа чемпионаттарында 52, 56 және 60 кг. салмақтарда чемпион болды. 1984, 1985 және 1986 жылдары әлемде «жыл штангисті» атағына ие болды. Бірақ 1984-жылғы Лос-Анжелес олимпиадасына Болгарияның да Совет Одағымен бірге бойкот жариялауы нәтижесінде қатыса алмады. Болгарияда өмір сүрген кезде қысым мен қудалаудан құтылу үшін 1986-жылы Мельбурнда өткен Әлемдік штанга чемпионатына қатыспады. Ақыр соңында 11 желтоқсанда Түркия елшілігіне Түркияда өмір сүру мен Түрік құрама командасы атына жарыстарға қатысу үшін өтініш берді. Өтініші қабылданғаннан кейін атын да Наим Сүлейманоғлу қылып өзгертті.

 Әлем штанга тарихында өзіне тән орны бар «Кішкентай Геркулес» лақаптарын алған Наим Сүлейманоғлу 1988-жылға дейін бірнеше әлем рекордын жаңартты. Ол жаңартқан кейбір рекордтар мыналар: 56 кг. салмақта 300 кг.(1984), 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 150 кг. (1988), 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 188 кг.(1986), 60 кг. салмақта жалпы 335 кг.(1986), 56 кг. салмақта жұлқып көтеруде 170,5 кг.(1984), 56 кг. салмақта жалпы 300 кг.(1984), 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 148 кг.(1986), 60 кг. салмақта жалпы 335 кг.(1986), 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 190 кг.(1988), 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 152,5 кг. 1989-жылғы Афиныда өткен Әлем және Еуропа штанга чемпионаттарында, 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 145 кг., сілкіп көтеруде 172,5 кг, жалпы алғанда 317,5 кг. көтеріп, 6 алтын медаль иемденген болатын.
Сүлейманоғлу беліне зақым келуіне байланысты штанганы тастағанын мәлімдесе де кейін 1991-жылғы Жерорта теңізі ойындарына қатысатынын білдірді. 1992-жылы Еуропа Штанга чемпионатында 1 алтын, 2 күміс медаль иемденді. 1992-жылы Барселона олимпиадасында 60 кг. салмақта жұлқып көтеруде 142,5 кг, сілкіп көтеруде 177,5 кг., жалпы 320 кг. көтеріп алтын медаль алды. 1996-жылы Сеул олимпиадасында 3 алтын медаль алып, үш рет үсті-үстіне әлем чемпиондығына ие болған жалғыз штангашы атағын алды.
Наим Сүлейманоғлуның тек қана спорттағы табыстары ғана емес, жеке өмірі де үлгі боларлық. Кедей жанұядан шыққан Наим Сүлейманоғлу сол кезде Болгарияда қоғам тарапынан қысым көрген азшылық халықтың өкілі еді. Әкесі автобус жүргізушісі болғандықтан көбінесе үйде болмайтын. Наим 10 жасында Кыржаали Штанга үйрету орталығына жазылып, бірінші рет штанга спортымен танысты. Табысты болуды мақсат еткен Сүлейманоғлу 14 жасынан бастап-ақ халықаралық жарыстарда өзін көрсете бастады. Наим Сүлейманоғлу кейін Түркияда өмір сүруді қалайтынын білдірген хатын Софьядағы Түркия елшілігіне берген кезде соңында аңду бар екенінен хабары жоқ еді. Ақыр соңында Түркияға келіп, көптеген рекорд жаңалап, табысқа жетті. 2000 жылғы Сидней олимпиадасынан кейін спортпен қош айтысқан Наим Сүлейманоғлу шамалы уақыт Әлемдік Штанга федерациясының тең төрағасы болып қызмет атқарды. Кейін басқарушылармен тіл табыса алмаған Наим бұл қызметінен өз еркімен кетті. Қазір 47 жасына келген Наим Сүлейманоғлуның өмірі мен спорттағы табыстары кейінгі жастарға өнеге боларлық.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар