Германияда 2 адам тыңшылықпен айыпталуда

Неміс Федералдық прокуратурасы мәлімдеме жасады.

2129375
Германияда 2 адам тыңшылықпен айыпталуда

Германияда неміс және Ресей азаматтығы бар 2 адам шетелдік барлау ұйымы тыңшылығы айыбымен қамауға алынды.

Неміс Федералдық прокуратурасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Дитер С. мен Александр Дж. Украинаның шығысындағы ресейшіл жікшілер құрған «Донецк Халық Республикасы (ДХР) ұйымына мүшелік» және Ресей барлау ұйымымен байланысы бар деген айыппен түрмеге қамалды.

Бавария Мемлекеттік қылмыстық полиция басқармасы аталмыш 2 адамның тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінтті.

Ұсталған адамдарға барлау ұйымы тыңшылығына қоса, террор ұйымы мүшелігі, жарылғыш заттар дайындау, диверсиялық мақсатта тыңшылық жасау, әскери нысандардың қауіпсіздігіне қауіп төндіру сияқты әртүрлі әрекеттері үшін айып тағылуда.



Ұқсас жаңалықтар