БҰҰ Бас хатшысы Иранның шабуылын айыптады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш тараптарды сабыр сақтауға шақырды.

2127417
БҰҰ Бас хатшысы Иранның шабуылын айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Иранның Израильге қарсы әуе шабуылын айыптап, тараптарды сабыр сақтауға шақырды.

Гутерреш Иранның Израильге қарсы әуе шабуылына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Гутерреш мәлімдемесінде «Иран Ислам Республикасының Израильге бағытталған жан-жақты шабуылынан туындаған ауыр шиеленісті қатаң түрде айыптаймын. Бұл дұшпандықты дереу тоқтатуға шақырамын» деді.

Соңғы шабуылдармен Таяу Шығыстағы шиеленістің аймаққа таралуының маңызды бір қауіп екеніне назар аударған Гутерреш «Барлық тараптарды Таяу Шығыстағы көптеген майданда әскери қақтығыстарға әкелетін кез-келген қадам басудан бас тартуға шақырамын» деді.

БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыстың да, дүниенің де жаңа бір соғысты көтере алмайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар