Папа Украина және Газа үшін шақыру тастады

Таяу Шығыс пен Украинада бейбітшілікке жету үшін  келіссөздер жүргізуге шақырды.

2126070
Папа Украина және Газа үшін шақыру тастады

Католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан басшысы Рим Папасы Франциск ел басшыларын Таяу Шығыс пен Украинада бейбітшілікке жету үшін  келіссөздер жүргізуге шақырды.

Ватикандағы Әулие Петр алаңына қарайтын кеңсесінің терезесінен дәстүрлі жексенбілік уағызын оқыған Папа мұндағы сөзінде діндарларды бейбітшілік үшін дұға етуге шақырды.

Рим Папасы Франциск «Әділ және тұрақты бейбітшілік үшін, әсіресе езілген Украина, Палестина және Израильде жасаған дұғаларымыз бекер болмасын» деді.

Католиктердің рухани жетекшісі Құдайдың шиеленісті бәсеңдетуге және келіссөздер жүргізуге әрекет етушілерді жігерлендіретініне сенім білдіріп, «Алла жетекшілерге біраз уақытқа тоқтап, келіссөздер жүргізу мүмкіндігін берсін» деді.

Рим Папасы Франциск 3 сәуірде өткен жалпы қабылдау сессиясында Газа үшін атысты шұғыл тоқтатуға шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар