Грузияда жарылыс
2 адам қаза тауып, 4 адам жараланды.
Грузияның астанасы Тбилисиде қару-жарақ дүкеніне тиесілі жабық атыс алаңында болған жарылыс салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жараланды.
Грузия Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Тбилисиде жұмыс істейтін «Battleground» қару дүкенінің атыс полигонында белгісіз себеппен жарылыс болғаны атап өтілді.
Мәлімдемеде Бочорма көшесінде орналасқан ғимаратта болған жарылыстан 2 адамның қаза тапқаны, 4 адамның жараланғаны, жараланғандардың ауруханаға жеткізілгені айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль "Шабуылдар жылдың соңына дейін жалғасады"
Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Израильде бір радионың бағдарламасына қатысты.
Әлемге әйгілі өнерпаздардың Газаға қолдау көрсету хабарламасы
Албан текті британдық әнші Дуа Липа Instagram желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.