Насер ауруханасы қайта іске қосылуы мүмкін

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі Хан Юнустағы Насер ауруханасын қайта іске қосуға шақырды.

2123209
Насер ауруханасы қайта іске қосылуы мүмкін

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі Израиль шабуылдары салдарынан жұмыс істемейтін Хан Юнустағы Насер ауруханасын қайта іске қосуға шақырды.

Министрліктен  жасалған мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық мекемелер мен қоғамнан Насер ауруханасын қайта іске қосу және денсаулық сақтау мекемелерін қорғау үшін қажетті күш салуды сұрады.

Мәлімдемеде «Насер ауруханасының жабылуы ең төменгі деңгейге дейін төмендеген денсаулық сақтау қызметтеріне ауыр соққы. Науқастар ем ала алмауда» делінді.

Израиль әскері ұзақ уақыт қоршауда ұстаған және15 ақпанда қысым жасаған Хан Юнус қаласындағы Насер ауруханасын пайдаланудан шығарған еді.



Ұқсас жаңалықтар