Филиппиндерде жол апатынан 17 адам қаза тапты

Полиция басшысы Годофредо Тупас апат туралы мәлімдеме жасады.

2120174
Филиппиндерде жол апатынан 17 адам қаза тапты

Филиппиндердің Котабато қаласында жүк көлігі мен шағын автобустың соқтығысуы салдарынан орын алған жол апатынан 17 адам қаза тапты.

Полиция басшысы Годофредо Тупас құм мен қиыршық тас тиелген жүк көлігінің тежегішінің істен шығуы салдарынан жолаушылар автобусына соғылғанын білдірді.

Тупас соқтығыс кезінде өртенген шағын автобустың жүргізушісі мен 16 жолаушысының оқиға орнында қаза тауып, 1 жолаушының аман қалғанын хабарлады.

Жүк көлігінің жүргізушісі тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар