Украина Ресейге шабуылдады

Ресейдің Белгород қаласына Украина жасаған шабуылда бір адам қаза тапты.

2119812
Украина Ресейге шабуылдады

Белгород губернаторы Вячеслав Гладков әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Украина Қарулы күштерінің 23 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден 24 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ге дейінгі аралықта жасаған шабуылдарында бір адамның қаза тауып, 7 адамның жараланғанын атап көрсетті.

Шабуыл салдарынан қалаға материалдық шығын келгеніне назар аударған Гладков «Шабуылда 214 пәтер, 32 көпқабатты үй, 34 жеке тұрғын үй, 1 қойма, 3 әлеуметтік нысан, 9 сауда нысаны және 40 көлікке зиян келді» деді.

Гладков кешке қарай Ресей әуе қорғаныс жүйелерінің Белгород облысы үстінде 22 украиндық әуе нысанын атып түсіргенін, шабуылда 4 адамның жараланғанын айтты.

Ресей Қорғаныс министрлігі болса Мәскеу уақыты бойынша сағат 17.50 шамасында Украина армиясының «RM-70 Vampire» көп ұңғылы зымыран тасығыш жүйесімен Ресей аумағына шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Белгород аймағындағы 22 зымыран әуе қорғаныс жүйелерімен жойылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар