Ереванда полицияға шабуыл жасалды

Армения ресми ақпарат агенттігі «Арменпресс» тақырыппен байланысты хабар таратты.

2119649
Ереванда полицияға шабуыл жасалды

Арменияның бас қаласы Ереван қаласында 3 адам полиция штабының ғимаратына гранатамен шабуыл жасамақ болды.

Армения ресми ақпарат агенттігі «Арменпресс»-тің хабарына қарағанда кім екені белгісіз 3 шабуылшы бас қала Еревандағы Нор Норк аудандық полиция бөлімшесіне гранатамен барды.

Шабуылшылар қауіпсіздік күштеріне кейбір талаптар қойған кезде граната жарылды.

Бомбаның жарылуы салдарынан шабуыл жасағандардың екеуі жараланды. Жараланған шабуылшылар кейін ауруханаға жеткізілді.

Шабуылшылардың үшіншісінің әрекетін жалғастырып, қауіпсіздік күштерімен біраз сөйлесті. Содан кейін залалсыздандырылып, қамауға алынғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар