Бразилияда топырақ көшкіні салдарынан 12 адам қаза тапты

Нөсер жауын салдарынан Петрополис қаласында 500 адам баспанасыз қалды.

2119372
Бразилияда топырақ көшкіні салдарынан 12 адам қаза тапты

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласы мен Эспириту-Санту штаттарында нөсер жауын салдарынан болған топырақ көшкінде 12 адам қаза тапты.
Лауазымдылар жасаған мәлімдемеде соңғы 24 сағатта жауған нөсер жаңбыр салдарынан көптеген көшкін хабарламалары түскені және кейбір аймақтарда эвакуация жұмыстарының басталғаны атап көрсетілді.
Осы уақытқа дейін көшкіннен 12 адам қаза тауып, кейбір адамдардың із-түссіз жоғалғаны хабарланды.
Рио-де-Жанейро қаласында қатты дауыл мен торнадоға байланысты «төтенше жағдай» жарияланды.
Петрополис қаласында кейбір үйлер қирап, 500 адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны атап көрсетілді.
Азаматтық қорғаныс және өрт сөндіру топтары зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.
Метеорологиялық қызмет жасаған мәлімдемеде нөсер жаңбыр мен дауылдың біраз уақытқа жалғасатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар