Украина шабуылдың Ресейдің өзі жасағанын алға тартты

Террор ұйымы ДАИШ Ресейдің астанасы Мәскеуде шабуылды өз мүшелерінің жасағанын пайымдаған.

2119135
Украина шабуылдың Ресейдің өзі жасағанын алға тартты

Террор ұйымы ДАИШ әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде ұйым мүшелерінің Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы концерт залына шабуыл жасағанын пайымдады.

Украина Қорғаныс министрлігі Барлау дирекциясының «Telegram» аккаунтында жасалған мәлімдемеде бұл шабуылдың «Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығымен ресейлік арнайы қызметтердің жоспарлы және әдейі жасалған арандатуы» екені алға тартылды.

Мәлімдемеде оқиғаның Украинаға қарсы бұдан да үлкен шабуылдарын заңдастыру үшін жасалғаны айтылған.

Бұл туралы Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев мәлімдеді.

Дмитрий Медведев «Егер шабуылды ұйымдастырушылар Киев режимінің лаңкестері екені анықталса, оларға және олардың идеологиялық дем берушілеріне қарсы басқаша әрекет ету мүмкін емес. Олардың барлығын террорист деп қарап, аяусыз жою керек. Бұндай жауыздықты жасаған мемлекеттің лауазым иелерінің барлығының  жойылуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар