Ресей нөмірі бар көліктерге тыйым салынды

Ресей көліктерін қолданғандар жауапкершілікке тартылады.

2114227
Ресей нөмірі бар көліктерге тыйым салынды

Литвада Ресейдің Калининград облысына өтетін және қайтып келетін дипломатиялық көліктерді қоспағанда ресейлік нөмірлері бар көліктерді пайдалануға тыйым салынады.

Литва кеден департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, 11 наурыздан бастап Ресей нөмірі бар көліктерді пайдаланғандар заңнаманы бұзды деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Мәлімдемеде Литвада Ресей нөмірлі 50-ге жуық көлік бар екені және олардың иелеріне 6 мың 561 долларға дейін айыппұл салынатыны және бұл көліктердің елден шықпаса тәркіленетіні айтылды.

Литва арқылы Ресейдің Калининград облысына баратын немесе одан келетін Ресей азаматтары тиісті құжаттары болған жағдайда және Литва арқылы транзит 24 сағаттан аспайтын болса, тыйымнан босатылатыны білдірілді.

Сонымен қатар дипломатиялық көліктер де тыйымнан босатылады.

Литва Еуропалық комиссияның ұсынысы бойынша қыркүйекте Ресей нөмірі бар көліктердің елге кіруіне тыйым салған болатын.



Ұқсас жаңалықтар