Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар жалғасуда

2022 жылы 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берген және осылайша Ресей-Украина соғысы басталған еді.

2114304
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар жалғасуда

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 25 ұшқышсыз әуе соғыс аппаратымен Ресей аумағына шабуыл жасамақ болғанын хабарлады.

Министрліктің  мәлімдемедесінде «Бүгін түнде Киев режимінің Ресей Федерациясы аумағындағы нысанаға қарсы ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарын пайдаланып жасаған лаңкестік әрекеті тоқтатылды» делінді.

Мәлімдемеде Ресей әуе қорғаныс жүйелерінің шабуылдарға тойтарыс бергені, сондай-ақ Мәскеу облысында 2, Ленинград облысында 1, Белгород облысында 7, Курск облысында 11, Брянск облысында 1,Тула облысында 1 және  Орлов облысында 2 ұшқашсыз әуе соғыс аппаратының жойылғаны баяндалды.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берген және осылайша Ресей-Украина соғысы басталған еді.



Ұқсас жаңалықтар