Ресей мен Ұлыбритания арасындағы келісім бұзылды

Путин Ұлыбританиямен 1956 жылы қол қойылған балық аулау келісімінен бас тартты.

2114269
Ресей мен Ұлыбритания арасындағы келісім бұзылды

Ресей президенті Владимир Путин Ұлыбританиямен 1956 жылы қол қойылған балық аулау келісімінен бас тартты.

Владимир Путин қол қойған жарлықпен британдық балықшылардың Ресейдің Баренц теңізі жағалауында балық аулауына тыйым салынды.

Ұлыбритания мен Кеңес Одағы арасында 1956 жылы қол қойылған келісім аясында британдық балық аулау кемелері Баренц теңізінің белгілі аймақтарында балық аулай алатын.

Келісім Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей мен Ұлыбритания арасында жүзеге асырыла берді.

Ресей Парламентінің төменгі қанаты Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин өткен айда жасаған мәлімдемесінде британдықтардың 68 жылдан бері орыс балықтарын жеп келгенін атап, «Енді олар салмақ тастасын, ақылды болсын» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар