Грекияда НАТО-ЕО операцияларына наразылық көрсетілді

Грекияда НАТО мен ЕО-тың әскери операциясына қарсы наразылық шеруі өтті.

2114001
Грекияда НАТО-ЕО операцияларына наразылық көрсетілді

Грекия Коммунистік партиясы (ГКП) елдің НАТО мен Еуроодақтың (ЕО) әскери операциясына қатысуына қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды.

Бас қала Афиныдағы Синтагма алаңына жиналған активисттер соғысқа қарсы ұрандар тастады.

Грекияның НАТО және Еуроодақ әскери операцияларына қатысуына қарсы шыққан шерушілер грек сарбаздарының шекара сыртындағы ешқандай операцияға жіберілмеуін талап етті.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің басшылығында өткен Ұлттық қауіпсіздік үкіметі кеңесінің 26 ақпан күнгі кезекті отырысында Қорғаныс министрі Никос Дендиастың ұсынысымен Грекияның Қызылтеңізде жүзу еркіндігін қорғау мақсатты ЕО-ның «Аспидес» миссиясына қатысуы туралы шешім қабылданды.

Бұл аяда Грекия теңіз күштеріне тиесілі «HYDRA» атты фрегат Қызылтеңізге аттанған еді. Солшыл оппозициялық партиялар болса, Грекияны қауіпті бір аймаққа салады деген себеппен шешімге наразылық көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар