Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына қарсы наразылықтар жалғасуда

Мартин Гриффитс Газада балалардың аштықтан өліп жатқанын және жарты миллионнан астам адамның аштықтан өлу алдында тұрғанын айтты.

2112726
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына қарсы наразылықтар жалғасуда

7 қазаннан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына қарсы наразылықтар жалғасуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының гуманитарлық істер және төтенше көмек координаторы Мартин Гриффитс әлеуметтік медиа парақшасында Газадағы қырғындарға қатысты мәлімдеме жасады.

Гриффитс Газада балалардың аштықтан өліп жатқанын және жарты миллионнан астам адамның аштықтан өлу алдында тұрғанын айтты.

Гриффитс сонымен бірге Израиль билігінің ақпан айында 224 көмек миссиясының тек жартысына ғана рұқсат бергенін еске салып, заңсыздықтың күшеюінің көмектің таралуына кедергі болғанына назар аударды.

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок та Газадағы азаптың күн сайын қорқынышты болып бара жатқанын атап өтті.

Еліне сапармен келген ағылшын әріптесі Дэвид Кэмеронмен ел астанасы Берлинде ортақ баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Бербок Газадағы жағдайды енді сөзбен жеткізу мүмкін еместігін білдірді.

Германия министрі Израильден Газаға көмек жеткізу үшін көбірек шекара қақпаларын ашуды сұрады.

Лондон мэрі Садық Хан Хан да Түркия Радио Теледидар Мекемесіне (TRT) жасаған мәлімдемесінде Газада атысты тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар