Украина Ресейдің «Сергей Котов» патрульдік кемесіне шабуыл жасады
Украина Ресей Қаратеңіз флотының «Сергей Котов» патрульдік кемесіне шабуыл жасағанын білдірді.
Украина Қорғаныс министрлігінің Барлау бас басқармасы Ресейдің Қаратеңіз флотына тиесілі «Сергей Котов» патрульдік кемесін нысанаға алғанын хабарлады.
Бас барлау басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде бүгін түнде «13-ші топ» арнайы бөлімшесінің Ресей Қаратеңіз флотының «Сергей Котов» патрульдік кемесіне шабуыл жасағаны білдірілді.
Мәлімдемеде шабуылдың Украина Әскери-теңіз күштерімен ынтымақтастықта және Украинаның Цифрлық трансформация министрлігінің қолдауымен жасалғаны, сондай-ақ «Magura V5» ұшқышсыз теңіз көлігімен жасалған шабуылдың нәтижесінде Ресей кемесінің алдыңғы, оң және сол жағының зақымдалғаны білдірілді.
Мәлімдемеде кеменің Керіш бұғазы маңындағы Украинаның аумақтық су айдынында шабуылына ұшырағаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.