Бельгиядан халықаралық бейбітшілік конференциясы шақыруы

Бельгия Сыртқы істер министрі Брюссельдегі Мелсбрук әскери әуежайында мәлімдеме жасады.

2111316
Бельгиядан халықаралық бейбітшілік конференциясы шақыруы

Бельгияның Сыртқы істер министрі Хаджа Лахбиб Газа секторында шұғыл атысты тоқтатуға шақырып, екі мемлекетті шешім негізінде келіссөздер бастайтын халықаралық бейбітшілік конференциясын өткізуге ниетті екенін білдірді.

Хаджа Лахбиб Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі Мелсбрук әскери әуежайында мәлімдеме жасады.

Лахбиб елінің Газа секторына әскери ұшақпен әуеден гуманитарлық көмек жіберу операциясына қатысты «Газа секторында көргеніміз – үлкен адами трагедия» деді.

Лахбиб «Газа секторында дереу атысты тоқтатуға міндеттіміз» деді.

Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды шешудің тұрақты жолының екі мемлекетті шешімге қол жеткізу екенін баса айтқан Лахбиб «Бельгияның аймақтық үкіметтері арасында бұл бағытта бір келісіміміз бар. Мұны маңызды деп ойлаймыз» деді.

Лахбиб Бельгия федералды үкіметінің Палестина мемлекетін тану үшін «ыңғайлы кезді» күткенін атап «Өйткені Бельгия жалғыз өзі қазір Палестина мемлекетін мойындағанын жарияласа, тек символдық бір мәлімдеме болып қалмақ» деді.

Палестина халқына символдық әрекеттерден гөрі нақты қадамдар басу керектігін атап көрсеткен Лахбиб «Сондықтан саяси келіссөздерді қайта бастайтын бір конференцияны, екі мемлекетті шешімге мүмкіндік беретін бейбітшілік конференциясын өткізуге дайынмын» деді.



Ұқсас жаңалықтар