Газа секторында қаза тапқандар саны 30 мың 228-ге жетті
Израиль армиясының Газа секторына қарсы шабуылдары 147 күннен бері жалғасуда.
2109737
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар саны соңғы 24 сағатта 193-ке артып, 30 мың 228-ге, жараланғандар саны 71 мың 377-ге жетті.
Израиль армиясының Газа секторына қарсы шабуылдары 147 күннен бері жалғасуда.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеде Израильдің соңғы 24 сағатта жасаған 16 шабуылында 193 адамның қаза тапқаны және 920 адамның жараланғаны хабарланды.
Газа секторындағы шабуылдар басталған 7 қазан күнінен бері қаза тапқандар саны, 30 мың 228-ге, жараланғандар саны 71 мың 377-ге өсті.