Венгрияда жаңа президент

Шуйок өз міндетін 5 наурызда бастайды.

2107751
Венгрияда жаңа президент

Тамаш Шуйок қызметінен кеткен Венгрия президенті Каталин Новактың орнына келді.

Каталин Новак қызметінен кеткен соң Венгрия парламенті жаңа президентті сайлады.

Парламентте өткен дауыс беруде 146 депутаттың 134 дауысымен Конституциялық сот төрағасы Тамаш Шуйок жаңа президент болып сайланды.

Шуйок өз міндетін 5 наурызда бастайды.

Каталин Новак 10 ақпанда балаға зорлық-зомбылық жасаған сотталушыны президенттің кешірімімен босатқаны белгілі болғаннан кейін қызметінен кетті.

Жексенбі күні елдегі төрт оппозициялық партия қолдаған наразылық шеруінде президент сайлауын тікелей халық өткізуі талап етілді.



Ұқсас жаңалықтар