Ресейге жаңа санкция пакеті

Жаңа санкция 50-ден астам адам мен ұйымды қамтиды.

2106552
Ресейге жаңа санкция пакеті

Ұлыбритания Украинамен екі жылдан бері соғысып жатқан Ресейге маңызды табыс көздеріне бағытталған жаңа санкциялар пакетін салатынын жариялады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Ресей-Украина соғысының екінші жылдығына екі күн қалғанда жасаған мәлімдемесінде Ресейге 50-ден астам адам мен ұйымды қамтитын санкциялар енгізілетінін мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Санкция Ұлыбританияның Украинаға айнымас қолдауын көрсетеді» деп айтылды.

Санкциялардың зымыран тасығыш жүйелер, зымыран және жарылғыш заттар сияқты оқ-дәрі жеткізушілеріне шектеу келтіретіні, сонымен қатар Ресейдің маңызды кіріс көздерін нысанаға алатыны, металдар, гауһар тастар және энергия саудасын шектейтіні және оны барлық жағынан қаржыландыруды тоқтататыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар