АҚШ-та мыңдаған адам Израильді протест етті

Израильдің Газа секторында палестиналықтарға жасаған қырғынға наразылықтар жалғасуда.

2104693
АҚШ-та мыңдаған адам Израильді протест етті
bruksel filistin'e destek.jpg
abd kaliforniya filistin'e destek.jpg
abd kaliforniya filistin destek.jpg

АҚШ Калифорния штатына қарасты Сан-Франциско қаласында мыңдаған адам Израильдің Газа секторы мен Рафах қаласына жасаған шабуылдарын протест ету үшін әкімшілік ғимараты алдында жиналды.

Баннерлер мен Палестина туларын ұстаған демонстранттар 101-ші Оңтүстік автожолын көлік қатынасына жауып, шеру өткізді.

Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысы кезінде Еуропа Кеңесі ғимараты алдына жиналған жүздеген демонстрант Палестинаға қолдау шеруі ұйымдастырды.

Шерушілер ЕО-қа «Израильдің соғыс қылмысына ортақ болмауға» шақырды.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 12 мың 660 бала, 8 мың 570 әйел, барлығы 29 мың 92 палестиналық өлтірілді, 69 мың 28 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар