Папуа-Жаңа Гвинеядағы қақтығыста 53 адам қаза тапты

Корольдік Полиция Ұйымы мәлімдеме жасады.

2104079
Папуа-Жаңа Гвинеядағы қақтығыста 53 адам қаза тапты

Оңтүстік батыс Тынық мұхиты елдерінің бірі Папуа-Жаңа Гвинеяның таулы аймақтарында тайпалар арасында шыққан қақтығыста 53 адам қаза тапты.

Полиция күштері Энга аймағында екі тайпаның бір-біріне шабуыл жасауы нәтижесінде туындаған қақтығыста 53 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Оқиғаны елдің жақын тарихында болған «ең үлкен қырғын» деп санаған полиция күштері мәйіттердің полиция жүк көлігіне тиелгенін мәлімдеді.

Корольдік Полиция Ұйымы Бас инспектордың міндетін атқарушы Джордж Какас оқиға орнына барған полиция қызметкерлерінің «таңданғанын» атап көрсетті.

Какас қайтыс болғандар санының артуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

Аймақтағы қақтығыстардың 2022 жылғы сайлаудан кейін басталғаны, соңғы кездері ауылдарға бағытталған қарулы шабуылдармен күшейгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар