Украина: Ресейдің үлкен десанттық кемесін жойдық

Украина Бас штаб басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2102253
Украина: Ресейдің үлкен десанттық кемесін жойдық

Украина Бас штаб басқармасы Ресей Қаратеңіз флотына тиесілі «Цезарь Куников» атты үлкен десанттық кемесін жойғандарын жариялады.

Украина Бас штаб басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресей Қаратеңіз флотына тиесілі «Цезарь Куников» атты үлкен десанттық кеменің Украина Қарулы күштері мен Қорғаныс министрлігіне қарасты Барлау бас дирекциясының бірлескен жасаған операциясымен жойылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде кеме жойылған кезде Қырымда орналасқан Алупка елді-мекені маңында Украинаның аумақтық суларында екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар