"ЕО-ның қолдау көрсетуі - Украина мен Еуропаның аман қалатынының айқын белгісі"

Владимир Зеленский Брюссельде өткен ЕО көшбасшылары саммитіне бейнеконференция арқылы қатысты.

2096526
"ЕО-ның қолдау көрсетуі - Украина мен Еуропаның аман қалатынының айқын белгісі"

Украина Президенті Владимир Зеленский Еуропалық Одақтың (ЕО) өз еліне 50 миллиард еуро көлемінде қолдау көрсету туралы шешімі  елі мен Еуропаның аман қалатынының айқын белгісі деп мәлімдеді.

Кеше Бельгияның астанасы Брюссельде өткен ЕО көшбасшылары саммитіне бейнеконференция арқылы қатысқан Владимир Зеленский Украинаға 50 миллиард еуро беру шешімі үшін алғыс айтып, "Бұл - Украина мен Еуропаның тұрақтайтынының айқын белгісі. Сондай-ақ бұл шешімді мүше 27 мемлекеттің бірауыздан қабылдағаны өте маңызды. Бұл сіздің Украинаға деген бірлік бен қолдауыңыздың тағы бір айқын белгісі" деді.

Зеленский Еуропаның толық сенімділігін және оның шешімдерінің тиімділігін көрсету қажеттігін атап өтті және былай деді: "Ресейдің Украина майданында Еуропаға қарсы бастаған агрессиясына Ресейдің бір одақтасының, атап айтқанда Солтүстік Кореяның артиллериялық снарядтары мен баллистикалық зымырандары қосылды. Бұлар біздің азаматтық инфрақұрылымды жойып жатқан Иранның «Шахедтері» (ұшқышсыз ұшатын аппараттардан) секілді бізге соққы беруде. «Барлау қызметі Ресейдің Пхеньяннан бір миллион артиллериялық снаряд алатынын растайды».

Еуропаның Украинаға бір миллион артиллериялық снаряд жеткізу жоспарына назар аударған Зеленский көшбасшыларға бұны іске асырудың кешіккенін еске салды.

Владимир Зеленский Еуропалық Бейбітшілік қоры аясында 4 жыл бойы капиталы 5 миллиард еуро болатын Украинаға көмек қорын құруда ЕО көшбасшыларының бірауыздылығының қажет екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар