Израиль Қаржы министрі Газада әскери режим орнататынын мәлімдеді

Смотрих министрлер кабинетінің барлық мүшелері армияның Газада қалуы керек деп келіскенін баяндады.

2094954
Израиль Қаржы министрі Газада әскери режим орнататынын мәлімдеді

Израильдің ұшқары оңшыл Қаржы министрі Безалел Смотрих Израильдің жаулау астындағы  Газада әскери режим орнататынын мәлімдеді.

Израильде «Канал 12» телеарнасына сұхбат берген  Смотрих Израиль армиясының Газада әскери режим құру арқылы аймақты бақылауға алатынын білдірді.

Смотрих министрлер кабинетінің барлық мүшелері армияның Газада қалуы керек деп келіскенін баяндады.

Смотрих сонымен қатар Израиль кабинетінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) арқылы Газадағы палестиналықтарға көмектің жеткізілуіне қарсы екенін мәлімдеді. Смотрих  гуманитарлық көмектің таралу үдерісінің Израильдің бақылауында болуы керектігін алға тартты.

Газада ұсталған израильдік тұтқындарға қатысты Смотрих барлық тұтқындар тірідей қайтарылады деп уәде берудің шындыққа жанаспайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар