Ресей мен Украина бір-бірін айыптауда

Ресей мен Украина Белгород қаласында құлаған ұшаққа байланысты бір-бірін айыптауда.

2093408
Ресей мен Украина бір-бірін айыптауда

Мәскеу әкімшілігі кеше 74 адам қаза тапқан ұшақ апатына Киевтің жауапты екенін алға тартты.

Ресейдің Белгород қаласында құлаған ұшаққа байланысты Украина мен Ресей бір-бірін айыптауда.

Ресей Президенттік сарайының (Кремль) баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украиндық 65 тұтқынға қоса, барлығы 74 адам мінген ресейлік ұшақтың Украина тарапынан атып құлатуын «қорқынышты бір шабуыл» екенін атап көрсетті.

«Киев әкімшілігінің қылмыстық әрекеттеріне қатысты халықаралық тергеу жүргізу қажет» деген Песков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін мәселені талқылау үшін шұғыл отырыс өткізуге шақырды.

Украина президенті Владимир Зеленский болса ұшақты Мәскеудің атып түсіргенін алға тартты.

Әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде бұл мәселені Украина Қорғаныс министрі, Бас штаб басқармасы және барлау қызметкерлерімен талқылағанын атап көрсеткен Зеленский «Ресейліктер украиналық тұтқындардың өмірі және туыс-тамырларының сезімталдығымен ойнап жатыр. Украина қоғамына қысым жасағылары келеді» деді.

Қолдағы мәліметтердің ортақ бөлісетіндерін баса айтқан және халықаралық тергеуді талап еткен Зеленский қауіп төнген ұшақтардың жойылатынын да мәлімдеді.

Кеше Ресейдің Белгород аймағында апатқа ұшыраған ресейлік «Ил-76» ұшағында қақтығыстарда тұтқынға алынған 65 украиналық сарбаз мен 6 адамнан тұратын экипажға қоса, 3 қауіпсіздік қызметкері бар екені және апаттан ешкімнің тірі қалмағаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар