Газада қаза тапқан палестиналық саны 25 мыңнан асты

Жаралы санының 62 мың 681-ге жеткенін білдірді.

2091628
Газада қаза тапқан палестиналық саны 25 мыңнан асты

Израильдің 7 қазан күннен бергі шабуылдарында Газада қаза тапқан палестиналық саны 25 мыңнан асты.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі өлтірілген палестиналық санының 25 мың 105-ке, жаралы санының 62 мың 681-ге жеткенін білдірді.

Израиль күштері түнде жасаған басқындарда көптеген нысанды атқылады. Израиль Хан Юниске де шабуылдарын арттырды. Осы жердегі шабуылда көбі бала 10 адам қаза тауып,  ондаған адам жарақат алды. Таңғы шабуылда да бірі бала, барлығы үш адам қаза тапты.

Хан Юнистің батысындағы Әл-Маваси аймағынжа бір үй бомбаланды.

Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі басқындарда да көптеген адам тұтқынға алынды.



Ұқсас жаңалықтар