Батыстың Ресейді қаруландырғаны жарыққа шықты

Батыс компаниялары санкцияларға қарамастан Ресейге  құны 2,9, миллиард долларлық қару-жарақ өндірісінде пайдаланылған бөлшектерді экспорттаған.

2090516
Батыстың Ресейді қаруландырғаны жарыққа шықты

Украина президентінің кеңсесі батыс компаниялары санкцияларға қарамастан Ресейге  құны 2,9, миллиард долларлық қару-жарақ өндірісінде пайдаланылған бөлшектерді экспорттағанын хабарлады.

Украина президентінің кеңсесінің мәліметінше, 2023 жылы Ресей импорттаған «қару-жарақ өндірісінде қолданылатын материал» көлемі соғыстан бұрынғы  деңгейден төмен емес, яғни шамамен 90 пайызға сәйкес келеді.

Құжатқа сәйкес, жойылған немесе қолға түскен Ресей қаруларынан алынған үлгілерде 250-ден астам батыстық компанияның өнімдері табылған.

Зерттеуге қатысқан Киев экономика мектебі Ресейге тиесілі қарулардан 2800 бөтен бөлік табылғанын және зерттелген қарулардың арасында Мәскеудің Украинаға әуе шабуылдарында қолданған гипер дыбысты «Kinjal» зымырандары да барын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар