"ЕАҚС" Грекияның өтемақы төлеуі туралы шешім қабылдады

Грекия Еуропалық адам құқықтары конвенциясының 2-ші бабын бұзды.

2089630
"ЕАҚС" Грекияның өтемақы төлеуі туралы шешім қабылдады

Еуропалық адам құқығы бойынша сoт (ЕАҚС) Грекияны 2014 жылы жағалау күзеті тобының Ешкі аралы (Псеримос) су айдынында сириялық заңсыз иммигранттарға қарсы оқ жаудырғаны себепті айыптады.

«ЕАҚС» Швецияда тұратын сириялық 3 заңсыз иммигранттың атылған оқтардың салдарынан жараланып, кейін қайтыс болған туыстарының атынан 2016 жылы Грекияға қарсы қозғаған ісі бойынша үкім шығарды.

Грекияның Еуропалық адам құқықтары конвенциясының өмір сүру құқығының 2-ші бабын бұзды деген шешім қабылдаған «ЕАҚС» Грекияның шағымданушыларға 80 мың еуро қаржылай өтемақы төлеуі керек деген үкім шығарды.

Грекия Жағалау күзеті топтары Ешкі аралы жағалауында Грекияның жағалау күзетінің топтары Ешкі аралының жағалауында 2014 жылы 22 қыркүйек күні заңсыз иммигранттар мінген қайықты тоқтату үшін 13 рет оқ атты.

Атылған оқтың салдарынан 2 сириялық азамат жарақат алып, біреуі қысқа уақыттан кейін қайтыс болды.

«ЕАҚС» 2014 жылы Буламач аралы жағалауында суға батып кеткен 11 адамды құтқару үшін ештеңе істемеді және оқиғаны анықтау үшін тиімді тергеу жүргізбеді деген сылтаумен Грекияны 330 мың еуро өтемақы төлеуге үкім шығарған еді.

Грекиядағы Жаңа солшылдар тарапынан шешімге байланысты жасалған мәлімдемеде «Бүгін Грекия үшін ұятты бір күн ретінде есте қалады» деді.

Жерорта теңізінің зиратқа айналғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «нәсілшілдік және нәсілшілікті сезімдерін ояндырудың» көші-қон мәселесіне шешім табуға кедергі жасағаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар