Газа секторында 45 мың жүкті әйелдің өлім қаупі бар

Палестина Қызыл Жарты Ай Қоғамы мәлімдеме жасады.

2088412
Газа секторында 45 мың жүкті әйелдің өлім қаупі бар

Газа секторында күн сайын 180 әйелдің Израильдің шабуылдары мен басқыншылығы себепті «қауіпті» және «адамгершілікке жатпайтын» жағдайда босанғаны білдірілді.

Палестина Қызыл Жарты Ай Қоғамы «Х» әлеуметтік желісінен жасаған хабарламада «Газа секторында күн сайын 180 әйел қауіпті және адамгершілікке жатпайтын жағдайда босанады. Израиль күштері жедел жәрдем көліктерінің жетуіне кедергі жасауда. Көпшілігі ауруханаларға жете алмайды» делінді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Халық қорының Палестина арнайы өкілі Доминик Аллен Газа секторында соңғы 100 күнде шамамен 18 мың нәрестенің дүниеге келгенін, қордың жеткілікті материалдарды қамтамасыз ете алмағанын және ауруханалардағы жағдайдың өте нашарлағанын мәлімдеді.

Шамамен 5 мың 500 әйелдің келесі айларда босанатынын атап көрсеткен Аллен «Олар шөлдеу, азық-түлік тапшылығы және емделуге қолжетімсіздікпен күресуде. Бомбалар, аштық немесе шөлдеу оларды өлтірмесе, босану өлтіруі мүмкін. Бұған жол бермеуіміз керек» деді.

Газа секторында 45 мың жүкті әйел және 68 мың бала емізетін әйел өлім қаупімен бетпе-бет тұр.



Ұқсас жаңалықтар