Колумбияда автожолда болған лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

Колумбия вице-президенті Франсиа Маркес оқиғаны мұқият қадағалап отырғандарын айтты.

2088193
Колумбияда автожолда болған лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

Колумбияның Шоко әкімшілік аймағында автожолда болған лай көшкінінен 18 адам қаза тапты.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Шокодағы Кармен-де-Атрато қаласына жақын маңдағы автожолда көшкіні болды.

Оқиғада 18 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.

Колумбия вице-президенті Франсиа Маркес оқиғаны мұқият қадағалап отырғандарын айтты.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар