"Шабуыл тоқтамайынша тұтқын алмаспаймыз"
Хамастың «Телеграм» желісіндегі аккаунтынан жазбаша мәлімдеме жарияланды.
Палестина тойтарыс топтары Израильдің Газаға бағытталған шабуылдары тоқтамастан Тель-Авив үкіметімен келісім немесе тұтқын алмасу болмайтынын қайталады.
Тойтарыс топтарының Газадағы оқиғаларды талқылаған жиналысынан кейін Хамастың «Телеграм» желісіндегі аккаунтынан жазбаша мәлімдеме жарияланды.
Мәлімдемеде «Палестина халқына бағытталған шабуылдар тоқтамайынша ешбір келісім немесе тұтқын алмасу болмайтынын қайталаймыз» деп айтылды.
Араб және Ислам әлемін «Израильге және Америка Құрама Штаттарына қарсы шығып, қатынастарын үзуге» шақырған мәлімдемеде Израиль жасаған қылмыстарға қарсы құқықтық күрес бастаған Оңтүстік Африканың ұстанымына мақтау айтылды.
Палестина тойтарыс топтарының жиналысы өткен жер және қатысқандар туралы мәлімет берілмеді.
Хамас бастаған Палестина тойтарыс топтары бұдан бұрын да Газадағы шабуылдар тоқтамайынша тұтқын алмасу болмайтынын білдірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль "Шабуылдар жылдың соңына дейін жалғасады"
Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Израильде бір радионың бағдарламасына қатысты.
Әлемге әйгілі өнерпаздардың Газаға қолдау көрсету хабарламасы
Албан текті британдық әнші Дуа Липа Instagram желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.