НАТО Украинаның әуе қорғанысын күшін арттырады

Ресейдің әуе шабуылдарының артынан НАТО-Украина кеңесі елшілер деңгейінде жиналды.

2087523
НАТО Украинаның әуе қорғанысын күшін арттырады

НАТО Украинаның әуе қорғаныс қабілетін арттыруды жалғастыратынын мәлімдеді және Ресейдің бұл елге жасаған шабуылдарын айыптады.

НАТО-ның мәлімдемесіне қарағанда Украинаға жасалған Ресейдің әуе шабуылдарының артынан НАТО-Украина кеңесі елшілер деңгейінде жиналды.

Одақтастардың Украинаға қарсы Ресейдің әуе шабуылдарын арттырғанын және Солтүстік Кореядан сатып алған баллистикалық зымырандар мен Ираннан сатып алған пилотсыз әуе көліктерін қолдануын «қатаң түрде» айыптағаны білдірілген мәлімдемеде Украинаның әуе қорғаныс қабілетін күшейтуге уәде берді.

Мәлімдемеде одақтастардың НАТО арқылы 1000-ға жуық «Patriot» әуе қорғаныс жүйесін сатып алатыны аталып, Германияның жақында Украинаға «Патриот» және «Skynex» әуе қорғаныс жүйелері мен «Iris-T» зымыранын жеткізгені еске салынды.

Ұлыбританияның да Украинаға шамамен 200 әуе қорғаныс зымыраны жіберетіні еске салынған мәлімдемеде кейбір одақтас елдердің жиналыста Украинаға 2024 жылы үшін миллиардтаған еуро көлемінде қосымша жәрдем бөлетіні атап көрсетілді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға қолдаудың жалғасатынын баса айтып, «Путин екі жыл бойы Украинаны жаппай шабуылдарымен тоздыруға тырысты, бірақ нәтижеге жете алмайды. Ресейдің зұлымдық науқаны тек қана Украинаның табандылығын күшейтеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар