Израиль Ливанның оңтүстігіне әуе шабуылы жасады

Тас жолда бара жатқан бір көлікті Израильге тиесілі пилотсыз әуе көлігі нысанаға алды.

2086399
Израиль Ливанның оңтүстігіне әуе шабуылы жасады

Ливанның оңтүстігінде тас жолда бара жатқан бір көлікті Израильге тиесілі пилотсыз әуе көлігі нысанаға алды, шабуылда 3 адам қаза тапты.

Ливанның ресми агенттігінің хабарына қарағанда, Израильдік бір пилотсыз әуе көлігі Сур қаласындағы Гандурийе ауылы маңында көлікті бомбалады.

Көліктің жүріп жатқаны, шабуылдан кейін оқиға орнына жедел жәрдем көліктерінің жіберілгені білдірілді.

Ливан ақпарат құралдарын орын алған хабарда шабуылда 3 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Сондай-ақ, көлікке жақындауға тырысқан жедел жәрдем бригадасының жанынан зымыран атылғаны, нәтижесінде медицина қызметкерлері жеңіл жарақат алғаны атап өтілді.

Израиль армиясы Хизбулланың өлтірілген қолбасшысы Висам Хусейн Тавилдің Хирбет эс-Слим ауданындағы үйінің маңына да қос шабуыл жасады.

Шабуыл жерлеу рәсімі өтетін алаңға небәрі 1-2 шақырым жерде жасалған.



Ұқсас жаңалықтар