Блинкен Израильге бармай тұрғанда мәлімдеме жасады

Энтони Блинкен Таяу Шығыс сапары аясында Израильге барар алдында әуежайда мәлімдеме жасады.

2086248
Блинкен Израильге бармай тұрғанда мәлімдеме жасады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль-араб қатынасын қалыпқа келтіру үшін «Газа секторындағы қақтығыстардың аяқталу» керектігін атап көрсетті.

«ABC News»-тің хабарына қарағанда Энтони Блинкен Таяу Шығыс сапары аясында Израильге барар алдында әуежайда мәлімдеме жасады.

Блинкен Таяу Шығыстағы келіссөздердің ортақ тұғырының Газа секторын тұрақтандыруға және қайтадан жандандыруға көмектесу екенін баса айтты.

Блинкен Сауд Арабиясында өткен кездесуде Израиль-араб қатынастарын «қалпына келтіру және интеграциясын» талқылағандарын, бұл үшін «Газа секторындағы қақтығыстарды тоқтату және Палестина мемлекетіне апаратын бір жолдың» қажет ететінін мәлімдеді.

Энтони Блинкен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Газа секторына гуманитарлық жәрдем және қайта құру жөніндегі ұйымдастырушысы Сигрид Каагпен телефон арқылы сөйлескен кезде Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық көмектің жеңілдетілуін талқылады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мэттью Миллер мәлімдемесінде әңгіме барысында Блинкен мен Каагтың «Газадағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін үйлестіру механизмін күшейтудің және босқындардың оралуын қамтамасыз ету үшін Газа секторының солтүстік бөлігіне жәрдемді жеңілдетудің маңыздылығын көрсеткенін» білдірді.

Миллер Блинкен мен Каагтың «Газаға көмек және коммерциялық тауарлардың кіруін жылдам жеңілдету, шұғыл қажеттіліктерді қамтамасыз етуде жергілікті жәрдемді одан көп пайдалану және гуманитарлық көмек үшін қаржыны арттыруға қоса қорғаныссыз адамдарға көмектесу тақырыбындағы ортақ тұрақтылыққа назар аударылғанын» атап көрсетті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Түркия мен Грекиядан кейін аймақтық туры аясында Сауд Арабиясы, Иордания және Катарға қоса Біріккен Араб Әмірліктеріне де барған болатын.



Ұқсас жаңалықтар