Пәкістандағы бомбалы шабуылда 5 полиция қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласындағы шабуылда 24 полиция қызметкері жараланды.

2085831
Пәкістандағы бомбалы шабуылда 5 полиция қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласында полиомиелитке қарсы екпе жасап жатқан медицина қызметкерлеріне жасалған бомбалы шабуылда 5 полиция қаза тауып, 24 полиция қызметкері жараланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша Хайбер-Пахтунхва қаласының Бажаур аймағында полиомиелитке қарсы екпе салатын медицина қызметкерлерін қорғап жатқан полиция көлігіне бомбалы шабуыл жасалды.

Шабуыл кезінде 5 полиция қызметкері қаза тауып, 24 полиция жарақат алды. Шабуылды әзірге ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар